НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр — Sputnik. Белгісіз біреулер Қазандағы білім беру мекемесінде оқ жаудырды, салдарынан тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқ атқан жасөспірім ұсталды. Барлық оқушы мен оқытушы құрамы эвакуацияланды.
Сәл кейінірек оқ атылғаннан кейін мектепте жарылыс болды.
Оқиға орнында дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Татарстан басшысы Рустам Минниханов, сондай-ақ бас прокурор Илдус Нафиков келеді деп күтілуде.
Mash Telegram каналы екі жасөспірімнің Қазан қаласындағы №175 гимназияға шабуыл жасағанын хабарлайды.
Біреуі ұсталды, екіншісі үшінші қабаттан оқ жаудырып жатыр. Mash-тың хабарлауынша, бірінші мектепке кіруге жол бермеуге тырысқан күзетші көз жұмған.