НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Оралда жасөспірім қыз бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Төтенше жағдай 9 мамыр сағат 4.20-да "Құрылысшы" шағын ауданында болды.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2004 жылғы қыз бесінші қабаттың терезесінен кіреберістің маңдайшасына құлаған.
Денсаулық сақтау басқармасындағылар қыз жабық бас сүйек-ми жарақатын алғанын айтты. Сондай-ақ іші, кеуде тұсы зақымданған. Қабырғалары мен жіліншігі сынған.
Тағы оқыңыз: "Мұғалім қанды көрді": оқушы қыз мектептің ішінде атыс шығарды
Облыстық басқарманың баспасөз қызметі терезеден құлаған қыздың мас болғанын нақтылады. Қазір ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды.