НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары бір-бірін Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады.
"Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын жақсы бағалады", – делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, екі ел басшысы Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастық жайын және 21 мамырда өтетін Жоғары экономикалық кеңестің отырысты талқылады.
Оқи отырыңыз: Посткеңестік елдер пандемия жағдайында Жеңіс күнін қалай атап өтеді - видео
Қазақстан мен Ресей президенті екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту саласындағы табысты жұмысын да ерекше назарға алып, қазіргі нәтижелерді айрықша атап өтті.