Видео

Посткеңестік елдер пандемия жағдайында Жеңіс күнін қалай атап өтеді - видео

Жазылу
Sputnik халықаралық ақпарат агенттігінде "Халықтар ерлігі" тақырыбында Мәскеу - Бішкек - ​​Нұр-Сұлтан бейнекөпірі ұйымдастырылды

9 мамыр күні бұрынғы КСРО елдері Жеңіс күнін атап өтеді. Бейнекөпірге қатысушылар коронавирус пандемиясы жағдайында Жеңіс күнін атап өту форматын, сондай-ақ іздестіру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Бейнекөпірге "Атамның аманаты" қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары Райгүл Мушанова (Нұр-Сұлтан),  В.И.Ленин атындағы Ресей мемлекеттік кітапханасы директорының орынбасары Наталья Самойленко, Волоколам жерінде қаза тапқандарды мәңгі есте сақтау жобасының жетекшісі Дина Каримова (Мәскеу), Қырғызстандағы іздеу қозғалысының үйлестірушілері Светлана Лаптева, Мұқадасхан Сарымсақова қатысты.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден төленеді

Бейнекөпір Sputnik.kz сайты мен YouTube каналында тікелей эфирде көрсетілді.

Жаңалықтар
0