Қоғам

Смартфонды жақын қойып ұйықтау қаншалықты қауіпті – маман жауабы

Сарапшы ұйқы кезеңдерін анықтайтын "ақылды" гаджеттерден де бас тартуды ұсынды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Жүйе жүйесін қоздырмаудың алдын алу және ағзаны демалуға дайындау үшін ұйқыға жатардан бір-екі сағат бұрын гаджеттерді пайдаланбаған абзал. "Медицина" АҚ (академик Ройтберг клиникасы) сомнолог дәрігері Максим Новиков осындай пікір білдірді.

"Жаңалықтарға шолу және тағы басқа да күйзеліске әкелетін жағдайды келесі күннің еншісіне қалдырған жөн. Гаджет құшақтап төсекке жатудың қажеті жоқ. Теледидар көру, кітап оқу секілді істің барлығы төсек аумағынан тыс орындалуы керек. Төсекті тек ұйқы үшін пайдалану қажет", - деп санайды маман.

Ол түн ішінде оянған кезде де телефонды қолға алып, сағатқа қараудың зиян екенін айтты. Маманның сөзіне қарағанда, бұл жүйке жүйесін қоздырады, ал телефон жарығы мелатонинді бұзады.

Оқи отырыңыз: Сарапшы кездесу кезінде неліктен телефонды үстелге қоюға болмайтынын түсіндірді

Сарапшы ұйқы кезеңдерін анықтайтын "ақылды" гаджеттерден де бас тартуды ұсынды. Себебі мұндай электрониканың тиімділігі әзірше дәлелденбеген. Тіпті тәжірибеде "кейбір аспаптар шындықпен үйлеспейтін кереғар нәтижелер көрсетеді". Ұйқыға анализ жүргізу үшін түрлі датчиктердің көрсеткіштерін пайдалану қажет. Білектегі бір ғана сағатпен зерттеу жүргізу мүмкін емес. Дәрігердің пікірінше, "полисомнография мұндай зерттеудегі таптырмас құрылғы бола алады".

"Қалыптасқан дағдыны өзгерту қажет: кешкі алтыдан кейін кофе ішуді доғару керек, ұйықтар алдында ауыр жаттығулармен айналыспаған жөн, төсекке жатар алдында ересектер жарты сағат, балалар бір сағат бұрын электронды құрылғылар мен девайстарды шетке ысырып қоюы дұрыс", - дейді Новиков.