НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Осы айдың қорытындысы бойынша инфляцияның деңгейі 7 процентті құрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бір айдың ішінде азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының бағасы 1 процентке, ақылы қызметтер 0,5 процентке қымбаттаған.
Ал бір жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік 10 процентке көтерілсе, азық-түлік емес тауарлары – 6,4 процентке, сондай-ақ ақылы қызметтердің бағасы 7 процентке артты.
Азық-түлік бағасы қалай көтерілді
Сәуірде бірқатар азық-түлік өнімдері бойынша бағаның көтерілуі тіркелді. Олар:
- қызылша – 17,1%;
- картоп – 12%;
- сәбіз – 10,5%;
- күнбағыс майы – 2,7%;
- қант – 2,5%;
- тауықтың сан еті – 2,3%;
- жемістер – 2%;
- қой еті – 1,7%;
- ет өнімдері – 1,2%;
- жарма – 1%;
- шошқа еті – 0,9%;
- макарон өнімдері, шәй – 0,8%;
- пастерленген сүт – 0,8%;
- ұн – 0,7%;
- сиыр еті – 0,6%;
- минералды су – 2%;
- салқын сусындар – 0,9%;
- алкоголь – 0,7%.
Дегенмен, кейбір азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді. Олар:
- қияр – 9,6%;
- апельсин – 1,5%;
- қызанақ – 1,1%;
- күріш – 0,6%.
Ал тұрмыстық техниканың бағасы 2%-ке өсті. Бұдан бөлек, жеке тұтыну тауарлары, шыны мен керамикалық бұйымдар, құрылыс материалдары – 0,7%, автомобильдер – 0,6%, тоқыма өнімдері – 0,5%, жуғыш және тазартқыш құралдар, киім-кешек пен аяқ киім – 0,4%, бензин – 6%, ал дизельді отын 0,9%-ке қымбаттаған.
Сондай-ақ, ақылы қызметтердің бағасы да көтерілді. Олар:
- моншалар – 1,9%;
- шипажайлар – 1,8%;
- мектепке дейінгі балалар ұйымдары – 1,2%;
- қоғамдық тамақтану – 1,1%;
- шаштараз бен сұлулық салондары – 0,7%;
- интернет-байланыс – 0,6%;
- қонақ үйлер – 0,5%;
- теміржолмен жолаушыларды тасымалдау – 0,8%;
- әуе қатынасы – 0,9%;
- күл-қоқысты шығару – 1,2%-ке қымбаттағаны байқалды.