Экономика

Қазақстанда қандай азық-түлік қымбаттады

© Sputnik / Абзал КалиевПосетители закупаются продуктами перед "карантинными выходными" в торговой сети
Посетители закупаются продуктами перед карантинными выходными в торговой сети - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2021
Жазылу
Ведомство дерегінше, қияр мен қызанақ, апельсин мен күріш сынды кейбір азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеген

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Осы айдың қорытындысы бойынша инфляцияның деңгейі 7 процентті құрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, бір айдың ішінде азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының бағасы 1 процентке, ақылы қызметтер 0,5 процентке қымбаттаған.

Ал бір жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік 10 процентке көтерілсе, азық-түлік емес тауарлары – 6,4 процентке, сондай-ақ ақылы қызметтердің бағасы 7 процентке артты.

Азық-түлік бағасы қалай көтерілді

Сәуірде бірқатар азық-түлік өнімдері бойынша бағаның көтерілуі тіркелді. Олар:

  • қызылша – 17,1%;
  • картоп – 12%;
  • сәбіз – 10,5%;
  • күнбағыс майы – 2,7%;
  • қант – 2,5%;
  • тауықтың сан еті – 2,3%;
  • жемістер – 2%;
  • қой еті – 1,7%;
  • ет өнімдері – 1,2%;
  • жарма – 1%;
  • шошқа еті – 0,9%;
  • макарон өнімдері, шәй – 0,8%;
  • пастерленген сүт – 0,8%;
  • ұн – 0,7%;
  • сиыр еті – 0,6%;
  • минералды су – 2%;
  • салқын сусындар – 0,9%;
  • алкоголь – 0,7%.

Дегенмен, кейбір азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді. Олар:

  • қияр – 9,6%;
  • апельсин – 1,5%;
  • қызанақ – 1,1%;
  • күріш – 0,6%.

Ал тұрмыстық техниканың бағасы 2%-ке өсті. Бұдан бөлек, жеке тұтыну тауарлары, шыны мен керамикалық бұйымдар, құрылыс материалдары – 0,7%, автомобильдер – 0,6%, тоқыма өнімдері – 0,5%, жуғыш және тазартқыш құралдар, киім-кешек пен аяқ киім – 0,4%, бензин – 6%, ал дизельді отын 0,9%-ке қымбаттаған.

Сондай-ақ, ақылы қызметтердің бағасы да көтерілді. Олар:

  • моншалар – 1,9%;
  • шипажайлар – 1,8%;
  • мектепке дейінгі балалар ұйымдары – 1,2%;
  • қоғамдық тамақтану – 1,1%;
  • шаштараз бен сұлулық салондары – 0,7%;
  • интернет-байланыс – 0,6%;
  • қонақ үйлер – 0,5%;
  • теміржолмен жолаушыларды тасымалдау – 0,8%;
  • әуе қатынасы – 0,9%;
  • күл-қоқысты шығару – 1,2%-ке қымбаттағаны байқалды.
Жаңалықтар
0