АЛМАТЫ, 4 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 7 мамыр мен 9 мамырға арналған мерекелік іс-шаралар карантинге байланысты онлайн форматта өтеді. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекесіне арналған іс-шара тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Білім мекемелері қандай шаралар жоспарлады
Қала мектептерінде 6 мамырға дейін Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған сынып сағаттары, әскери-патриоттық тәрбиедегі әндердің онлайн байқауы өтеді. Онлайн шараларды Instagram желісіндегі @astana_jastary және @jas_sarbaz_nursultan парақшасынан көруге болады.
Елорданың "Білім-инновация" лицей-интернаты" 5 мамырда мерекеге орай "Бір үзік сыр" сұхбатын өткізеді. Сұхбат білім мекемесінің Instagram желісіндегі ресми парақшасынан көрсетіледі.
№4 қалалық емханада Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңелген тұлғаларға арнап медициналық тексеру ұйымдастырылады. Ал №2 қалалық емхана Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған үй күтімі жөнінде дәрігерлер кеңес береді. Бұл шара 6 мамырға дейін жалғасады.
"Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешені "Малиновка" іздеу клубымен бірлесіп 5 мамыр күні тыл ардагерлерімен, "Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері" қоғамдық бірлестігі өкілдерімен, сондай-ақ "Ерлікке тағзым, ардагерге – құрмет" әскери қызметшілерімен кездесу өткізеді", – делінген ақпаратта.
Сонымен қатар 5-10 мамыр аралығында Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған монументалды кешенге, "Отан қорғаушылар" мемориалдық кешеніне, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы ескерткіштеріне онлайн экскурсия жүргізіледі. Толық мәліметтерді мәдениет басқармасынан, біріккен мұражайлар дирекциясынан, тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығынан алуға болады.
Көгілдер экраннан не көрсетіледі
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні "Ақиқат пен аңыз" концерт-спекталін "Қазақстан" телеарнасы ұсынады.
Отан қорғаушылар күніне орай "ANK Live" студиясының тікелей эфирі қорғаныс министрлігінің өкілдерімен өтетін іс-шараны ұсынады. Онлайн шараны Facebook, Instagram әлеуметтік желісінен көруге болады.
Нұр-Сұлтан қалалық филармония оркестрінің қатысуымен 8 мамыр күні 22 ҰОС ардагеріне арнап жылжымалы концерт ұйымдастырылады. Сол күні "Jas sarbaz" әскери-патриоттық жобасы аясында ардагерлерге азық-түлік себеттері жеткізіледі.
Ал 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай елорда көшелерінде "Жеңіс жолдарымен" мобильді іс-шара өтеді. Дәл осы күні "Хабар" телеарнасында "Ер есімі – ел есінде" концерті көрсетіледі.
Оқи отырыңыз: Посткеңестік елдер пандемия жағдайында Жеңіс күнін қалай атап өтеді - видео
Айта кетейік, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. 8 мамыр – сенбі. 9 мамыр – Жеңіс күні жексенбіге дөп келіп тұр. Сондықтан мерекелік демалыс күні дүйсенбі, 10 мамырға ауысады.