Видео

Алматы хайуанаттар бағы сирек кездесетін төрт құспен толықты – видео

Жыл басынан бері Алматы хайуанаттар бағында сирек кездесетін бірнеше құс балапан ашты
Sputnik

Қазір мұнда мамандардың қатаң қадағалауымен эму балапаны мен жыртқыштар – ақбас құмай, құмай және көкжөренің үш балапаны өсіп келеді.

Алматы хайуанаттар бағы қызметкерлерінің айтуынша, эму балапаны ақпан айының ортасында жарып шыққан. Ол қыстан кейін ашық аспан астындағы торға ауыстырылды.

Полиция Қарағанды зообағында арыстандарды таспен ұрғандарды іздеп тапты 

"Бұл құстар балапан өсіру кезінде ерекше тәсіл қолданады. Мұнда аталық құс басты рөл атқарады. Ол балапанды тамақтандырады, қауіпсіздігін қадағалайды", - дейді Алматы хайуанаттар бағының бөлім меңгерушісі Ақжами Рахимова.

Оның айтуынша, эму хайуанаттар бағында тез көбейеді. Өткен жылы ересек құстардың жұмыртқасынан бірден екі балапан жарып шыққан.