07:40 07 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
89 0 0

Жануарларды ызаландырған жігіттер он тәулікке дейін қамалуы мүмкін

ҚАРАҒАНДЫ, 6 маусым – Sputnik. Қарағанды полицейлері хайуанаттар бағында жануарларды таспен ұрғандарды іздеп тапты. Олар екі арыстан қамалған торға тас лақтырған.

Куәгерлер түсірген видео желіде таралып кетті. Роликтен екі ер адамның тордың арасына саусағын тығып, арыстандарды ызаландырғаны көрінеді. Бұзақылар ол үшін тіпті қоршаудан аттап өтуден тайынбапты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Anatoliy (@tolik.hairutdinov)

Куәгер Анатолий Хайрутдиновтың айтуынша, арыстан қаншырды соққыдан қорғаған, алайда жануарлар агрессия жасамаған.

Хайуанаттар бағының директоры полицияға арыз жазды.

Тағы оқыңыз: Алматы зообағында жыртқышпен ойнаған сәби жұртты шошытты – видео

Бұзақылардың жеке басы анықталды, ер адамдар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылардың бірі – 28, екіншісі – 23 жаста, ол Шымкент қаласының тұрғыны, қазіргі уақытта Қарағандыдан шығып кеткен. Бірақ туған қаласына келгенде ол 10 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК – 2525 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді немесе 10 күнге дейін қамауға алынады. 

Қарағанды ​​хайуанаттар бағы – 1938 жылы ашылған Қазақстандағы ең көне орындардың бірі.

Тақырып бойынша

Арыстан сәбиге "бас сала жаздады" - видео
Арыстандар, жолбарыстар, ягуар және аю зообақтан қашып кетті
Мысық сілеусіннің баласын бауырына басты
Шымкенттің миллион тұрғыны атынан Астанаға 20 аң-құс тарту етілді
Кілт сөздер:
бұзақылар, зообақ, арыстан
Загрузка...

Басты тақырып