Өңірлер

Найзағай ойнап, үсік жүреді: ертең ауа райы қандай болады

Үшінші мамырда кей өңірде жел күшейіп, тұман түседі, ал бірқатар облыста найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжанып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр — Sputnik. Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де антициклон ықпал ететіндіктен күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

"Тек еліміздің солтүстігі, солтүстік-батысы және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Республиканың кей жерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, ал солтүстікте тұман түседі, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал", - дейді синоптиктер.

Солтүстік Қазақстан облысында жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерінде жел 23-28 м/с-ке дейін күшейеді, түнде кей жерде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Алматы облысының Алакөл ауданында жел екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді.

Оқи отырыңыз: Мамырда ауа райы қандай болады – Қазгидромет болжамы жарияланды

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз Ақмола облысының кей жерінде найзағай ойнайды.

Қостанай облысының кей жерінде найзағай ойнайды, күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының кей жернде найзағай ойнайды, желдің екпіні 15-20, кей жерде 25 м/с болады.

Түнде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде 5 градус дейін үсік жүреді.