Фото

Суреттер сөйлейді: All About Photo Awards 2021 байқауының жеңімпаздары – фото

Sputnik

All About Photo Awards 2021 суреттер байқауының жеңімпаздары анықталды. Осымен алтыншы рет өтіп отырған байқауға әлемнің 26 елінен 40 туынды түсті. 

Қазылар алқасы жеңімпазды анықтау кезінде авторлардың креативтілігі мен көркемдік шеберлігіне баса мән берді. Сондықтан тек ашық түсті ғана емес, астарында терең мән-мағынасы бар суреттер таңдалды.

All About Photo жеңімпаздарына жалпы көлемі 10 мың доллар болатын ақшалай сыйақы беріліп, олар БАҚ-та кеңінен насихатталды.

Беделді байқауда жеңіске жеткен суреттер мен құрмет пен қошеметке лайық басқа да фотоларды біздің материалдан тамашалаңыз.

1 / 15
Калькуттадағы Барабазарда жұмыс істейтін жүк тасушы адамның тұрпатын бейнелеген британдық Том Прайстың фотосы байқау жеңімпазы атанды. Фотограф ауыр еңбекпен айналысқан мигрант жұмысшылар суреттерінің топтамасын әзірлеген. 2020 жылы Прайс бұл портреттерді сюрреалистік пейзажға көшіріп, өз үйі мен отбасынан алшақта жүрген мигранттардың жалғыздығын көрсеткісі келді.
2 / 15
Индонезиялық фотограф Джошуа Ирвандидің The Human Cost of COVID-19 сериясына жататын бұл суреті "Адам өмірінің бағасы" деп аталады. Мұнда инфекциялық қалдықтарға арналған сары пластик пакетке оралған коронавирус құрбаны бейнеленген. Фотограф осы туындсы үшін байқауда екінші орынды иеленді.
3 / 15
Фотограф Джозеф-Филипп Бевиллардтың "Кэтлин мен Бриджит, Дублин, Ирландия – 2020" атты фотосы үшінші орынға лайықты деп танылды. Суретте ирландиялық сығандардың өкілдері бейнеленген. Кей деректе пэйви деп аталатын бұл халық өз тілдері – шелта тілінде сөйлейді және өз салт-дәстүрі бар.
4 / 15
"Латидоамерика" суреті үшін төртінші орын испан фотографы Хавьер Арсенильяске тиесілі болды. Бұл фото есірткі сақтағаны үшін жасөспірімдерді құрықтау кезінде түсірілген.
5 / 15
Чили фотографы Хавьер Вергараның "Чили қарсылық көрсетуде" атты туындысында 2019 жылдың 11 қарашасында арнайы жасақтың көтерілісшілерге қарсы су шашуы кезіндегі қорғаныс әрекеті бейнеленген.
6 / 15
Оңтүстік Судандағы су басқан көшемен келе жатқан 70 жастағы Ньякек портреті. Британдық фотограф Питер Кейтон осы суреті үшін байқауда еркше құрметке ие болды.
7 / 15
Фотограф Педро Луис Айюриагеррдің "Құбыжық" атты суреті. Суретте тұманды күні бой тасалаған күлгін түсті инелік бейнеленген.
8 / 15
Бұл сурет Үндістандағы Халди фестивалі кезінде түсірілген. Туындыны Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Донелл Гумиран атты фотограф жолдаған. Шива аватарларының бірі – Шри Виттал Бирдевтің құрметіне ұйымдастырылатын мерекедегі бұл жоралғы адамға сәттілік алып келуі керек.
9 / 15
"Екібасты сұр жылан" сингапурлық фотограф Чин Леонг Теоны сескендірмесе керек. Оның улы жыланның бақаны бүтіндей жұтып жатқан сәтін түсірген суреті All About Photo Awards 2021 байқауындағы қазылар алқасының ерекше алғысына ие болды. Blue Insularis – ойықбасты жыландар арасындағы өте улы жылан.
10 / 15
"Тыйым". Тегеран фотографы Фаттах Зиноури бұл суретті Ирандағы ауған иммигранттары жайлы жоба аясындағы жұмыстары кезінде үйдегі студияда әзірлеген. Бұл туынды қазылар алқасының ерекше ескеруіне ие болды.
11 / 15
Вьетнамдық фотограф Фуок Хоай Нгуеннің "Теңіз жүрегі" атты туындысы. Фуйендегі балықшылар түнде суға жіберілген торды тарту арқылы күн сайын таңертең балық аулайды. Бұл тор пішінімен бір қарағанда жүректі еске түсіреді.
12 / 15
Поляк фотографы Якуб Вавржактың "Шектен тыс" атты картинасы. Суретте өз өмірін көркемсуретке арнаған Тадеуш Гапинский бейнеленген. Ол үнемі тыныш орындар мен ландшафттарды салатын.
13 / 15
Париждегі шеру кезінде түсірілген фото. Оны байқауға француз фотограф Орельен Мориссар жолдаған.
14 / 15
Италиялық фотограф Умберто Вердоливаның "Сұлулық жолы мен ынтызарлығы" атты суреті сарапшыларды таңғалдырып, All About Photo Awards 2021 қазылар алқасының айрықша құрметіне ие болды.
15 / 15
Индонезиялық Хардиджанто Будиман Солтүстік Кореяның ханшайымдары туралы тарихи фильмнен шабыт алып, "Апалы-сіңілілерге арналған өлең" атты фото түсірген.