Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Суреттер сөйлейді: All About Photo Awards 2021 байқауының жеңімпаздары – фото

Жазылу
All About Photo Awards 2021 байқауына қатысушылар әлемнің түкпір-түкпірінен жүрек тебірентерлік әрі сезімге толы суреттер ұсынды

All About Photo Awards 2021 суреттер байқауының жеңімпаздары анықталды. Осымен алтыншы рет өтіп отырған байқауға әлемнің 26 елінен 40 туынды түсті. 

Қазылар алқасы жеңімпазды анықтау кезінде авторлардың креативтілігі мен көркемдік шеберлігіне баса мән берді. Сондықтан тек ашық түсті ғана емес, астарында терең мән-мағынасы бар суреттер таңдалды.

All About Photo жеңімпаздарына жалпы көлемі 10 мың доллар болатын ақшалай сыйақы беріліп, олар БАҚ-та кеңінен насихатталды.

Беделді байқауда жеңіске жеткен суреттер мен құрмет пен қошеметке лайық басқа да фотоларды біздің материалдан тамашалаңыз.

© Photo : Tom Price / All About Photo Awards 2021Калькуттадағы Барабазарда жұмыс істейтін жүк тасушы адамның тұрпатын бейнелеген британдық Том Прайстың фотосы байқау жеңімпазы атанды. Фотограф ауыр еңбекпен айналысқан мигрант жұмысшылар суреттерінің топтамасын әзірлеген. 2020 жылы Прайс бұл портреттерді сюрреалистік пейзажға көшіріп, өз үйі мен отбасынан алшақта жүрген мигранттардың жалғыздығын көрсеткісі келді.
Снимок из серии Porters британского фотографа Tom Price, ставший Photographer of the Year конкурса All About Photo Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
1/15
Калькуттадағы Барабазарда жұмыс істейтін жүк тасушы адамның тұрпатын бейнелеген британдық Том Прайстың фотосы байқау жеңімпазы атанды. Фотограф ауыр еңбекпен айналысқан мигрант жұмысшылар суреттерінің топтамасын әзірлеген. 2020 жылы Прайс бұл портреттерді сюрреалистік пейзажға көшіріп, өз үйі мен отбасынан алшақта жүрген мигранттардың жалғыздығын көрсеткісі келді.
© Photo : Joshua Irwandi / All About Photo Awards 2021Индонезиялық фотограф Джошуа Ирвандидің The Human Cost of COVID-19 сериясына жататын бұл суреті "Адам өмірінің бағасы" деп аталады. Мұнда инфекциялық қалдықтарға арналған сары пластик пакетке оралған коронавирус құрбаны бейнеленген. Фотограф осы туындсы үшін байқауда екінші орынды иеленді.
Снимок из серии The Human Cost of COVID-19 индонезийского фотографа Joshua Irwandi, занявший второе место на конкурсе All About Photo Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
2/15
Индонезиялық фотограф Джошуа Ирвандидің The Human Cost of COVID-19 сериясына жататын бұл суреті "Адам өмірінің бағасы" деп аталады. Мұнда инфекциялық қалдықтарға арналған сары пластик пакетке оралған коронавирус құрбаны бейнеленген. Фотограф осы туындсы үшін байқауда екінші орынды иеленді.
© Photo : Joseph-Philippe Bevillard / All About Photo Awards 2021Фотограф Джозеф-Филипп Бевиллардтың "Кэтлин мен Бриджит, Дублин, Ирландия – 2020" атты фотосы үшінші орынға лайықты деп танылды. Суретте ирландиялық сығандардың өкілдері бейнеленген. Кей деректе пэйви деп аталатын бұл халық өз тілдері – шелта тілінде сөйлейді және өз салт-дәстүрі бар.
Снимок из серии Irish Travellers (Mincéirs) американско-ирландского фотографа Joseph-Philippe Bevillard, занявший третье место на конкурсе All About Photo Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
3/15
Фотограф Джозеф-Филипп Бевиллардтың "Кэтлин мен Бриджит, Дублин, Ирландия – 2020" атты фотосы үшінші орынға лайықты деп танылды. Суретте ирландиялық сығандардың өкілдері бейнеленген. Кей деректе пэйви деп аталатын бұл халық өз тілдері – шелта тілінде сөйлейді және өз салт-дәстүрі бар.
© Photo : Javier Arcenillas / All About Photo Awards 2021"Латидоамерика" суреті үшін төртінші орын испан фотографы Хавьер Арсенильяске тиесілі болды. Бұл фото есірткі сақтағаны үшін жасөспірімдерді құрықтау кезінде түсірілген.
Снимок LATIDOAMERICA испанского фотографа Javier Arcenillas, занявший четвертое место на конкурсе All About Photo Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
4/15
"Латидоамерика" суреті үшін төртінші орын испан фотографы Хавьер Арсенильяске тиесілі болды. Бұл фото есірткі сақтағаны үшін жасөспірімдерді құрықтау кезінде түсірілген.
© Photo : Javier Vergara / All About Photo Awards 2021Чили фотографы Хавьер Вергараның "Чили қарсылық көрсетуде" атты туындысында 2019 жылдың 11 қарашасында арнайы жасақтың көтерілісшілерге қарсы су шашуы кезіндегі қорғаныс әрекеті бейнеленген.
Снимок Chile Resists чилийского фотографа Javier Vergara, занявший пятое место на конкурсе All About Photo Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
5/15
Чили фотографы Хавьер Вергараның "Чили қарсылық көрсетуде" атты туындысында 2019 жылдың 11 қарашасында арнайы жасақтың көтерілісшілерге қарсы су шашуы кезіндегі қорғаныс әрекеті бейнеленген.
© Photo : Peter Caton / All About Photo Awards 2021Оңтүстік Судандағы су басқан көшемен келе жатқан 70 жастағы Ньякек портреті. Британдық фотограф Питер Кейтон осы суреті үшін байқауда еркше құрметке ие болды.
Снимок Portrait of Nyakeak, walking through the floods британского фотографа Peter Caton, высоко оцененный на конкурсе All About Photo Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
6/15
Оңтүстік Судандағы су басқан көшемен келе жатқан 70 жастағы Ньякек портреті. Британдық фотограф Питер Кейтон осы суреті үшін байқауда еркше құрметке ие болды.
© Photo : Pedro Luis Ajuriaguerra / All About Photo Awards 2021Фотограф Педро Луис Айюриагеррдің "Құбыжық" атты суреті. Суретте тұманды күні бой тасалаған күлгін түсті инелік бейнеленген.
Снимок Monster испанского фотографа Pedro Luis Ajuriaguerra, высоко оцененный на конкурсе All About Photo Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
7/15
Фотограф Педро Луис Айюриагеррдің "Құбыжық" атты суреті. Суретте тұманды күні бой тасалаған күлгін түсті инелік бейнеленген.
© Photo : Donell Gumiran / All About Photo Awards 2021Бұл сурет Үндістандағы Халди фестивалі кезінде түсірілген. Туындыны Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Донелл Гумиран атты фотограф жолдаған. Шива аватарларының бірі – Шри Виттал Бирдевтің құрметіне ұйымдастырылатын мерекедегі бұл жоралғы адамға сәттілік алып келуі керек.
Снимок Haldi Festival эмиратского фотографа Donell Gumiran, высоко оцененный на конкурсе All About Photo Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
8/15
Бұл сурет Үндістандағы Халди фестивалі кезінде түсірілген. Туындыны Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Донелл Гумиран атты фотограф жолдаған. Шива аватарларының бірі – Шри Виттал Бирдевтің құрметіне ұйымдастырылатын мерекедегі бұл жоралғы адамға сәттілік алып келуі керек.
© Photo : Teo Chin Leong / All About Photo Awards 2021"Екібасты сұр жылан" сингапурлық фотограф Чин Леонг Теоны сескендірмесе керек. Оның улы жыланның бақаны бүтіндей жұтып жатқан сәтін түсірген суреті All About Photo Awards 2021 байқауындағы қазылар алқасының ерекше алғысына ие болды. Blue Insularis – ойықбасты жыландар арасындағы өте улы жылан.
Снимок Two Headed Viper сингапурского фотографа Teo Chin Leong, высоко оцененный на конкурсе All About Photo Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
9/15
"Екібасты сұр жылан" сингапурлық фотограф Чин Леонг Теоны сескендірмесе керек. Оның улы жыланның бақаны бүтіндей жұтып жатқан сәтін түсірген суреті All About Photo Awards 2021 байқауындағы қазылар алқасының ерекше алғысына ие болды. Blue Insularis – ойықбасты жыландар арасындағы өте улы жылан.
© Photo : Fattah Zinouri / All About Photo Awards 2021"Тыйым". Тегеран фотографы Фаттах Зиноури бұл суретті Ирандағы ауған иммигранттары жайлы жоба аясындағы жұмыстары кезінде үйдегі студияда әзірлеген. Бұл туынды қазылар алқасының ерекше ескеруіне ие болды.
Снимок Taboo иранского фотографа Fattah Zinouri, высоко оцененный на конкурсе All About Photo Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
10/15
"Тыйым". Тегеран фотографы Фаттах Зиноури бұл суретті Ирандағы ауған иммигранттары жайлы жоба аясындағы жұмыстары кезінде үйдегі студияда әзірлеген. Бұл туынды қазылар алқасының ерекше ескеруіне ие болды.
© Photo : Phuoc Hoai Nguyen / All About Photo Awards 2021Вьетнамдық фотограф Фуок Хоай Нгуеннің "Теңіз жүрегі" атты туындысы. Фуйендегі балықшылар түнде суға жіберілген торды тарту арқылы күн сайын таңертең балық аулайды. Бұл тор пішінімен бір қарағанда жүректі еске түсіреді.
Снимок Heart of the sea вьетнамского фотографа Phuoc Hoai Nguyen, высоко оцененный на конкурсе All About Photo Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
11/15
Вьетнамдық фотограф Фуок Хоай Нгуеннің "Теңіз жүрегі" атты туындысы. Фуйендегі балықшылар түнде суға жіберілген торды тарту арқылы күн сайын таңертең балық аулайды. Бұл тор пішінімен бір қарағанда жүректі еске түсіреді.
© Photo : Jakub Wawrzak / All About Photo Awards 2021Поляк фотографы Якуб Вавржактың "Шектен тыс" атты картинасы. Суретте өз өмірін көркемсуретке арнаған Тадеуш Гапинский бейнеленген. Ол үнемі тыныш орындар мен ландшафттарды салатын.
Снимок Outside польского фотографа Jakub Wawrzak, высоко оцененный на конкурсе All About Photo Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
12/15
Поляк фотографы Якуб Вавржактың "Шектен тыс" атты картинасы. Суретте өз өмірін көркемсуретке арнаған Тадеуш Гапинский бейнеленген. Ол үнемі тыныш орындар мен ландшафттарды салатын.
© Photo : Aurelien Morissard / All About Photo Awards 2021Париждегі шеру кезінде түсірілген фото. Оны байқауға француз фотограф Орельен Мориссар жолдаған.
Снимок Demonstration in Paris against the 'global security' draft law французского фотографа Aurélien Morissard, высоко оцененный на конкурсе All About Photo Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
13/15
Париждегі шеру кезінде түсірілген фото. Оны байқауға француз фотограф Орельен Мориссар жолдаған.
© Photo : Umberto Verdoliva / All About Photo Awards 2021Италиялық фотограф Умберто Вердоливаның "Сұлулық жолы мен ынтызарлығы" атты суреті сарапшыларды таңғалдырып, All About Photo Awards 2021 қазылар алқасының айрықша құрметіне ие болды.
Снимок из серии The way of beauty итальянского фотографа Umberto Verdoliva, высоко оцененный на конкурсе All About Photo Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
14/15
Италиялық фотограф Умберто Вердоливаның "Сұлулық жолы мен ынтызарлығы" атты суреті сарапшыларды таңғалдырып, All About Photo Awards 2021 қазылар алқасының айрықша құрметіне ие болды.
© Photo : Hardijanto Budiman / All About Photo Awards 2021Индонезиялық Хардиджанто Будиман Солтүстік Кореяның ханшайымдары туралы тарихи фильмнен шабыт алып, "Апалы-сіңілілерге арналған өлең" атты фото түсірген.
Снимок Poems For Sisters индонезийского фотографа Hardijanto Budiman, высоко оцененный на конкурсе All About Photo Awards 2021 - Sputnik Қазақстан
15/15
Индонезиялық Хардиджанто Будиман Солтүстік Кореяның ханшайымдары туралы тарихи фильмнен шабыт алып, "Апалы-сіңілілерге арналған өлең" атты фото түсірген.
Жаңалықтар
0