Видео

Эверестті бағындырған қазақ келіні жетістікке жету жолы туралы айтты – видео

Альпинист, пауэрлифтингтен халықаралық спорт шебері Мария Әуезова Эвересттегі базалық лагерге аяқсыз жеткен алғашқы қазақстандық әйел
Sputnik

Әлемдегі биік шыңды бағындырғаннан кейін арада 10 күн өткенде, Мария Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысына шақырылды. Ол өзі жайлы және Эверестті бағындыруға қандай жағдай түрткі болғаны туралы айтып берді.

Мария Әуезованың айтуынша, ауыр дерт оның отбасына көптеген қиындықтар әкелген. Ал оның күйеуі Мұхтардың адалдығы мен төзімділігі – әйгілі қазақ жазушысының есімімен толық аттас болып қана қоймай, Марияның бойында зор күш-қайрат пен қайсарлықтың, ерік-жігер мен табандылықтың қалыптасуына ықпал еткен.

Олар альпинист жаттықтырушымен бірге барлық кедергілерді жеңіп, биік мақсатқа жетті.

Оқи отырыңыз: Алматы тұрғындары хайуанаттар бағындағы қонжықтарға ат таңдады – видео

Марияның өмір жолы мен бастан өткерген қиындықтарды қалай еңсергенін видеодан тамашалаңыз.