Видео

Алматы тұрғындары хайуанаттар бағындағы қонжықтарға ат таңдады – видео

Жазылу
Алматы хайуанаттар бағында Тянь-Шань аюының 2021 жылдың алғашқы күнінде өмірге келген балалары өсіп келеді

Қалалықтардың әлеуметтік желіде дауыс беру нәтижесі бойынша қонжықтарға Уолт Дисней мультфильмі кейіпкерлерінің құрметіне Кенай және Кода деген ат таңдалды.

Олар анасымен бірге Алматы зообағының жалпы экспозициясындағы торға ауыстырылды.

"Қазір қонжықтар төрт айлық, бірақ әлі ана сүтімен қоректенеді. Балық, ет береміз, алайда әзірге өздігінен тамақтанбайды, оны ойыншық ретінде көбірек пайдаланады", - дейді Алматы хайуанаттар бағындағы жыртқыш сүтқоректілер бөлімінің бастығы Дәурен Кенжебаев.

Оның айтуынша, крекей (ұрғашы аю) әлі күнге дейін ерекше тәсілмен тамақтанады. Қонжықтар дүниеге келгеннен бастап оның рационы 50%-ке ұлғайтылды.

Жаңалықтар
0