НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Әскерилердің лауазымдық жалақысы 70 процентке көтеріледі. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдау мәселесі ел басшылығының ұдайы назарында. Жоғарғы бас қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімімен ағымдағы жылы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілердің лауазымдық айлығы 35 процентке артты. Алдағы үш жылда лауазымдық айлықты 70 процентке дейін көтеру жоспарлануда ", - деді Ермекбаев астанада өткен шарада.
Оқи отырыңыз: Министр қазақстандықтардың еңбекақысын 304 мың теңгеге дейін өсірудің жолын атады
Министр әскери қызметшілерді вакциналау мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі кезде 9 әскери медициналық мекемеле екпе егу пункттері ашылды. Сондай-ақ, әскери қызметшілер тұрғылықты жері бойынша кез келген емханада вакцина салдыра алады. Осы уақытқа дейін жеке құрамның 35 проценті коронавирусқа қарсы екпе екті.