06:26 07 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Экономика
Қысқа сілтеме алу
2355 0 0

Шәпкенов келесі жылы кредит пен грант бөлу үшін бизнес-жобаларды іріктеу өңірлердегі сұранысқа қарай жүзеге асатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов "Еңбек" ұлттық жобасы аясында қабылданатын шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Президенттің тапсырмасымен биыл 1 шілдеден бастап, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы ұлттық жобаға ауыстырылады. Бұл орайда құралдар мен міндеттер жаңа әдіснамаға сәйкес өзектендіріліп қана қоймай, оған мүлдем жаңа тетіктер мен бизнес-процестер енгізіледі", – деді министр үкімет отырысында.

Айтуынша, ең алдымен қазақстандықтарға жұмыста отырып оқып, практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік жасалады. Электронды еңбек биржасы базасында нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша онлайн оқытудың жалпыұлттық платформасы іске қосылады.

Екінші бағыт аясында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау барынша автоматтандырылады. Ауылдарда кәсіпкерлікпен айналысуды кеңейту үшін өндірушілер мен сатып алушыларды байланыстыру шаралары қабылданады.

Шәпкенов келесі жылы кредит және грант бөлу үшін бизнес-жобаларды іріктеу өңірлердің қажеттілігіне қарай жүзеге асатынын мәлімдеді.

Үшінші міндет нысаналы топтарды атаулы түрде қолдауға негізделеді. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша жекелеген жобалар іске асырылады. Жұмыспен қамту саласындағы қызметтер электронды форматқа көшіріледі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 2021 жылы ең төменгі жалақы қанша болады

Атап айтқанда, еңбек нарығының инфрақұрылымы дамытылып, мобильді және цифрлы жұмыспен қамту орталықтары ашылады. Сондай-ақ жұмыспен қамту қызметтері онлайн және проактивті түрде, яғни өтініш берусіз ұсынылады.

"Жалпы ұлттық жоба аясында қабылданып жатқан шаралар болашақта халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және нақты ақшалай табыстың 27 пайызға, еңбекақының 304 мың теңгеге дейін өсуіне ықпал етеді. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру арқылы 2025 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін 4,7 пайызға дейін төмендететін болады", – деді Шәпкенов.

Айта кетейік, бұған дейін үкімет басшысы Асқар Мамин биыл 1,2 миллион адамның жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу арқылы елдегі нақты жалақы мөлшері 221 мың теңгеге дейін өсетінін айтқан болатын.

Тақырып бойынша

Қазақстанда процентсіз ипотека алуға болады: жалақы қанша болу керек
БҚО-да бас дәрігердің әйелі пандемия кезінде ауруханада заңсыз жалақы алған
Депутаттар өндірісте қаза болғандардың отбасына 10 жылдық жалақы төлеуді ұсынды
Қазақстанда орташа жалақы 223 мың теңгеге жетті
Ауыл мұғалімдеріне жалақы жаңаша төленеді
Кілт сөздер:
жалақы, жұмыспен қамту
Загрузка...

Басты тақырып