Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ көшеде қарумен жүр – фото

Арнайы киім киген қарулы адамдар "террористік жағдай кезінде шұғыл әрекет ету бойынша міндеттерді орындау" дағдыларын жетілдіріп жатыр. Астаналықтардан оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды сұрады
Sputnik

Бұған дейін елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб жоспарлы оқу-жаттығу жауынгерлік оқу-жаттығуға барынша жақын әрі түрлі күрделі элементтер қолданыла отырып өткізілетінін хабарлады.

Фотодан іс-шараға қатысып жатқан мемлекеттік орган қызметшілерінің оқу-жаттығу аясында қойылған міндеттерді қалай орындап жатқанын көруге болады.

Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ көшеде қарумен жүр – фото

"Іс-шараның негізгі мақсаты – террористік әрекет кезінде шұғыл әрекет ету мен терроризм актісі салдарын азайту және жою бойынша міндеттерді орындау болып табылады. Сондай-ақ штаб күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын дамыту көзделеді", – делінген хабарламада.

Терроризмге қарсы оқу-жаттығулар Қабанбай батыр даңғылында орналасқан "Алау" мұз сарайының аумағында сағат 8.00-ден 11.00-ге дейін өтті.

Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ көшеде қарумен жүр – фото

Соған байланысты осы аудандағы автокөлік қозғалысын шектеу бойынша шаралар қабылданды.

Оқи отырыңыз: Ақтауда тас жолға ұшақ қонды – видео

Штаб азаматтарды оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жұмылдырылған мемлекеттік орган қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырды.