Бұған дейін елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб жоспарлы оқу-жаттығу жауынгерлік оқу-жаттығуға барынша жақын әрі түрлі күрделі элементтер қолданыла отырып өткізілетінін хабарлады.
Фотодан іс-шараға қатысып жатқан мемлекеттік орган қызметшілерінің оқу-жаттығу аясында қойылған міндеттерді қалай орындап жатқанын көруге болады.

"Іс-шараның негізгі мақсаты – террористік әрекет кезінде шұғыл әрекет ету мен терроризм актісі салдарын азайту және жою бойынша міндеттерді орындау болып табылады. Сондай-ақ штаб күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын дамыту көзделеді", – делінген хабарламада.
Терроризмге қарсы оқу-жаттығулар Қабанбай батыр даңғылында орналасқан "Алау" мұз сарайының аумағында сағат 8.00-ден 11.00-ге дейін өтті.

Соған байланысты осы аудандағы автокөлік қозғалысын шектеу бойынша шаралар қабылданды.
Оқи отырыңыз: Ақтауда тас жолға ұшақ қонды – видео
Штаб азаматтарды оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жұмылдырылған мемлекеттік орган қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырды.