НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір — Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Әсет Қазақбайұлы Шындалиев Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Бұған дейін Әсет Шындалиев Бас прокуратураның аппарат басшысы болды.
44 жастағы Шындалиев Қазақ мемлекеттік заң университетін тәмамдаған, 1998 жылдан бері прокуратура саласында жұмыс істейді.
Оқи отырыңыз: Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктегі ауыс-түйіс туралы айтты
Сәуірдің ортасында Президент жарлығымен Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы болып тағайындалған болатын.