Әлем

WhatsApp-та хабарламаға қатысты жаңа функция пайда болады

Жаңа функция іске қосылғаннан кейін чаттағы хаттар 24 сағат ішінде автоматты түрде жойылады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. WhatsApp мессенджерінде хабарламаны автоматты түрде өшіру опциясы өзгереді. Бұл туралы WABetaInfo хабарлады.

WhatsApp-та өшірілген хатты қалай оқуға болатыны белгілі болды
WhatsApp қолданушыларына хабарламаны жібергеннен кейін 24 сағат ішінде автоматты түрде жою мүмкіндігі ұсынылады. Функция жеке және топтық чаттарда қолжетімді болмақ.

Қазір WhatsApp-та хабарламаны 7 күннен кейін автоматты өшіру функциясы бар. Хат жіберген адамның да, оны алған адамның да чатынан жойылады.

Жаңа функция әзірге бета-тестілеуден өтіп жатыр. Болашақта ол Android пен iOS үшін WhatsApp-тың соңғы жаңарған нұсқасында пайда болады.