Әлем

WhatsApp-та хабарламаға қатысты жаңа функция пайда болады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуWhatsApp мессенджері
WhatsApp мессенджері - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
Жазылу
Жаңа функция іске қосылғаннан кейін чаттағы хаттар 24 сағат ішінде автоматты түрде жойылады

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. WhatsApp мессенджерінде хабарламаны автоматты түрде өшіру опциясы өзгереді. Бұл туралы WABetaInfo хабарлады.

WhatsApp мессенджері  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2020
Қоғам
WhatsApp-та өшірілген хатты қалай оқуға болатыны белгілі болды
WhatsApp қолданушыларына хабарламаны жібергеннен кейін 24 сағат ішінде автоматты түрде жою мүмкіндігі ұсынылады. Функция жеке және топтық чаттарда қолжетімді болмақ.

Қазір WhatsApp-та хабарламаны 7 күннен кейін автоматты өшіру функциясы бар. Хат жіберген адамның да, оны алған адамның да чатынан жойылады.

Жаңа функция әзірге бета-тестілеуден өтіп жатыр. Болашақта ол Android пен iOS үшін WhatsApp-тың соңғы жаңарған нұсқасында пайда болады.

Жаңалықтар
0