НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2 716 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Осылайша республика бойынша ауырған адамдардың жалпы саны 309 116 адамға жетті, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 475,
- Алматы қаласы - 693,
- Шымкент қаласы - 96,
- Ақмола облысы - 150,
- Ақтөбе облысы - 125,
- Алматы облысы - 220,
- Атырау облысы - 97,
- Шығыс Қазақстан облысы - 86,
- Жамбыл облысы - 51,
- Батыс Қазақстан облысы - 166,
- Қарағанды облысы - 240,
- Қостанай облысы - 27,
- Қызылорда облысы - 82,
- Маңғыстау облысы - 50,
- Павлодар облысы - 75,
- Солтүстік Қазақстан облысы - 34,
- Түркістан облысы – 49.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 309 116. Оның ішінде 263 446 пациент сауығып шықса, 3 550 науқас қайтыс болды.