Қоғам

Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдардың саны 309 мыңнан асып түсті

© AFP 2024 / PASCAL GUYOTСотрудник лаборатории исследует образец для анализа на коронавирус
Сотрудник лаборатории исследует образец для анализа на коронавирус  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2021
Жазылу
Өткен тәулікте індет жұқтырғандардың ең көбі Алматы қаласында анықталды. Одан кейінгі жоғары көрсеткіш Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2 716 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Осылайша республика бойынша ауырған адамдардың жалпы саны 309 116 адамға жетті, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 475,
  • Алматы қаласы - 693,
  • Шымкент қаласы - 96,
  • Ақмола облысы - 150,
  • Ақтөбе облысы - 125,
  • Алматы облысы - 220,
  • Атырау облысы - 97,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 86,
  • Жамбыл облысы - 51,
  • Батыс Қазақстан облысы - 166,
  • Қарағанды облысы - 240,
  • Қостанай облысы - 27,
  • Қызылорда облысы - 82,
  • Маңғыстау облысы - 50,
  • Павлодар облысы - 75,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 34,
  • Түркістан облысы – 49.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 309 116. Оның ішінде 263 446 пациент сауығып шықса, 3 550 науқас қайтыс болды.

Жаңалықтар
0