Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда жаяу жүргіншілер жолы опырылып түсті – видео

Жолдың жаяу жүргінші бөлігіндегі өтпелі жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, жауапты компания қала тұрғындарынан кешірім сұрады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір - Sputnik. Әлеуметтік желіде жаяу жүргіншілер жолындағы шұңқыр түсірілген видео тарап жатыр. Видеода тұрғындар бұған қатысты өз пікірін білдіреді.   

Кадрларда жаяу жүргіншілердің бірі шұңқыр шетіне бір аяғымен тұруға тырысады.Содан кейін тротуардың плиткасы құлап,шұңқыр көлемі ұлғаяды.

Кадрда "Мұны қандай мақсатпен істеп жатырсың, құлап кетесің" - деп оған басқа тұрғын ескерту жасайда.

Шұңқыр Тәуелсіздік пен Қажымұқан көшелерінің қиылысында 24 сәуір күні пайда болды.

"Бұған себеп - жолдың жаяу жүргінші бөлігінде орналасқан D= 800 кәріз коллекторының істен шығуы. Бұл көлік қозғалысына кедергі болмайды. Сондай-ақ жақын маңдағы үйлердегі суды өшіру жоспарланбағанын хабарлаймыз ", - деді "Астана су арнасы" мемлекеттік кәсіпорны Sputnik тілшісіне.

Қазіргі уақытта коллекторды және жолдың тротуар бөлігіндегі өтпелі жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.