НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір - Sputnik. Әлеуметтік желіде жаяу жүргіншілер жолындағы шұңқыр түсірілген видео тарап жатыр. Видеода тұрғындар бұған қатысты өз пікірін білдіреді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кадрларда жаяу жүргіншілердің бірі шұңқыр шетіне бір аяғымен тұруға тырысады.Содан кейін тротуардың плиткасы құлап,шұңқыр көлемі ұлғаяды.
Кадрда "Мұны қандай мақсатпен істеп жатырсың, құлап кетесің" - деп оған басқа тұрғын ескерту жасайда.
Шұңқыр Тәуелсіздік пен Қажымұқан көшелерінің қиылысында 24 сәуір күні пайда болды.
"Бұған себеп - жолдың жаяу жүргінші бөлігінде орналасқан D= 800 кәріз коллекторының істен шығуы. Бұл көлік қозғалысына кедергі болмайды. Сондай-ақ жақын маңдағы үйлердегі суды өшіру жоспарланбағанын хабарлаймыз ", - деді "Астана су арнасы" мемлекеттік кәсіпорны Sputnik тілшісіне.
Қазіргі уақытта коллекторды және жолдың тротуар бөлігіндегі өтпелі жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.