Өңірлер

Ақтауда сотталғандар қасықтың сабын жұтып қойған: тексеріс басталды

Қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері колония қызметкерлерін де, сотталған азаматтарды да тыңдады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір - Sputnik. Осы аптада ГМ-172/6 колониясында екі сотталған азамат қамауда ұстау режиміне наразылық ретінде қасық сабын жұтып қойды, деп хабарлайды "ИнАктау" жергілікті сайты.

"Біз Маңғыстау облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығының шақыртуы бойынша мекемені, атап айтқанда  қатаң ұстау жағдайындағы бөлімді тексердік.  Екі тарапты да тыңдадық, қолда бар барлық өтініш мұқият тексерілетін болады", - деді топ басшысы Александр Муха.

Оқиға 21 сәуірде болған. Екі сотталған азамат қасық сабын жұтып қойған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Оқи отырыңыз: Алматы облысындағы колонияда сотталғандар арасында шыққан жанжал қайғылы аяқталды

Қазір жазасын өтеушілердің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.