Қоғам

Қазақстанда коронавируспен ауырғандардың саны 303 570 адамға жетті

Өткен тәулікте коронавирус індетін жұқтырған адамдардың ең көбі Алматы қаласында тіркелді. Одан кейінгі көп жағдай Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысында анықталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 303 570 адамға жетті, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Ал өткен бір тәулік ішіне республика бойынша 2 837 адамның коронавирус індетімен ауырғаны ПТР арқылы расталды", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 547,
  • Алматы қаласы - 694,
  • Шымкент қаласы - 110,
  • Ақмола облысы - 147,
  • Ақтөбе облысы - 139,
  • Алматы облысы - 205,
  • Атырау облысы - 128,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 95,
  • Жамбыл облысы - 73,
  • Батыс Қазақстан облысы - 172,
  • Қарағанды облысы - 234,
  • Қостанай облысы - 30,
  • Қызылорда облысы - 69,
  • Маңғыстау облысы - 57,
  • Павлодар облысы - 54,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 42,
  • Түркістан облысы - 41.

Жалпы бүгінге дейін 259 863 науқас аурудан айығып шықса, 3 535 адам аталған індет салдарынан қайтыс болды.