НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 303 570 адамға жетті, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
"Ал өткен бір тәулік ішіне республика бойынша 2 837 адамның коронавирус індетімен ауырғаны ПТР арқылы расталды", – делінген хабарламада.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 547,
- Алматы қаласы - 694,
- Шымкент қаласы - 110,
- Ақмола облысы - 147,
- Ақтөбе облысы - 139,
- Алматы облысы - 205,
- Атырау облысы - 128,
- Шығыс Қазақстан облысы - 95,
- Жамбыл облысы - 73,
- Батыс Қазақстан облысы - 172,
- Қарағанды облысы - 234,
- Қостанай облысы - 30,
- Қызылорда облысы - 69,
- Маңғыстау облысы - 57,
- Павлодар облысы - 54,
- Солтүстік Қазақстан облысы - 42,
- Түркістан облысы - 41.
Жалпы бүгінге дейін 259 863 науқас аурудан айығып шықса, 3 535 адам аталған індет салдарынан қайтыс болды.