Оқиға

Алматыда полициямен атысып жатқан адам туралы мәлімет шықты 

"Бұқар жырау" тұрғын үй кешеніне бекініп алып, тәртіп сақшыларына оқ жаудырған ер адам ақылға қонбайтын сөздер жазылған плакаттарды бірнеше рет ілген    
Sputnik

АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. "Бұқар жырау" тұрғын үй кешеніне бекініп алып, тәртіп сақшыларына оқ жаудырған ер адам шамамен 50-60 жаста, деді Sputnik Қазақстанға көршілері.

"Сырттай қарағанда 50-60 жаста деп ойлайсың. Біз оның немен айналысатынын білмейміз. Көршілердің чатында дөрекі сөйлеп, көргенсіздік танытты, сол үшін чаттан шығарып тастады", - деп сипаттады тұрғындар. 

Көршілер ер адам 16-қабатта тұратынын, пәтер иесі екенін айтты.

"Ақылға қонбайтын сөздер жазылған плакаттар екі жылдан бері ілулі тұрды", - дейді тұрғындар.  

Алматыда полициямен атысып жатқан адам туралы мәлімет шықты