Оқиға

Алматыда полициямен атысып жатқан адам туралы мәлімет шықты 

© Sputnik / Тимур БатыршинПолицейские дежурят на месте происшествия возле ЖК "Бухар Жырау"
Полицейские дежурят на месте происшествия возле ЖК Бухар Жырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2021
Жазылу
"Бұқар жырау" тұрғын үй кешеніне бекініп алып, тәртіп сақшыларына оқ жаудырған ер адам ақылға қонбайтын сөздер жазылған плакаттарды бірнеше рет ілген    

АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. "Бұқар жырау" тұрғын үй кешеніне бекініп алып, тәртіп сақшыларына оқ жаудырған ер адам шамамен 50-60 жаста, деді Sputnik Қазақстанға көршілері.

"Сырттай қарағанда 50-60 жаста деп ойлайсың. Біз оның немен айналысатынын білмейміз. Көршілердің чатында дөрекі сөйлеп, көргенсіздік танытты, сол үшін чаттан шығарып тастады", - деп сипаттады тұрғындар. 

Көршілер ер адам 16-қабатта тұратынын, пәтер иесі екенін айтты.

"Ақылға қонбайтын сөздер жазылған плакаттар екі жылдан бері ілулі тұрды", - дейді тұрғындар.  

© Sputnik / Тимур БатыршинҚаскүнем іліп қойған плакат
Алматыда полициямен атысып жатқан адам туралы мәлімет шықты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2021
Қаскүнем іліп қойған плакат
Жаңалықтар
0