Фото

Қасиетті Рамазан: әлем елдеріндегі мұсылмандар ауызашарға не жейді – фото

Sputnik

Жалпы исламның мұсылман баласы үшін айқындалған бес шартының бірі – Рамазан айында ораза ұстау. Бұл айрықша айда әлемдегі барша мұсылман тәні мен жанын нәпсіден тазартып, мейлінше жақсы амалдар жасап, сауап алуға тырысады.

Күн көкжиекке батып, қызыл шұғыласы көзден таса болған шақта ауыз ашады. Әр аймақта күннің батуы мен намаз уақыты әртүрлі болатындықтан, ауыз ашу уақыты да әр өңір үшін өзгеше болады.

Оқи отырыңыз: Рамазан-2021: Нұр-Сұлтанда ауызашар қоржындары таратылып жатыр - видео

Дәстүр бойынша су немесе құрмамен ауыз ашады және дастарханға дінмен тыйым салынбаған ас-ауқат қойылады.

Қазақстандағы діндар адамдар биыл мешітте дұға оқи алады. Алайда коронавирусқа байланысты жұма және жамағатпен оқылатын намазға рұқсат жоқ.

Елдегі мешіттерде мұқтаж жандар үшін ауызашарға азық-түлік жеткізу ұйымдастырылды. Бұл діни шара басқа елдерде қалай ұйымдастырылғанын суреттер топтамасынан көріңіз.

1 / 12
Қазақстанда секілді Иракта да мұқтаждар үшін мешіт жанына тегін ауызашар ұйымдастырылды.
2 / 12
Ирактың Ан-Наджаф қаласында діндарлар күн батқаннан кейін дастархан басына жиналып, бірге дұға жасайды.
3 / 12
Палестинаның Хеврон қаласында көшедегі сатушы Рамазан айына арнайы фалафель қуырып жатыр. Фалафель – Таяу Шығыста кең таралған ас. Ол сонау Мысырдан бастау алады. Бұл тағам бұршақ тұқымдас дақылдарды дәмдеуіш араластыру арқылы ыстық майда қуыру әдісімен әзірленеді. Ауыз бекіткендер мен вегетериандар арасында сұранысқа ие.
4 / 12
Коронавирус пандемиясы мұсылмандарға Рамазан айында ауыз бекітуге кедергі бола алмады. Суретте: Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы Тәуелсіздік алаңында ауыз ашып отырған бойжеткендер.
5 / 12
Көпшілікке тарату үшін күріш пен жеміс салынған ыдыстар. Ауызашар дастарханына міндетті түрде су, құрма, күріш пен жеміс кіреді. Карачи қаласы, Пәкістан.
6 / 12
Мысырдың Бени-Суеф қаласының тұрғыны өз үйінің жанында ауызашар ұйымдастыру үшін ұлттық нанды көтеріп келе жатыр.
7 / 12
Үндістанның Нью-Дели қаласындағы Джама мешітінің қызметкерлері ауызашар дастарханын әзірлеп жатыр.
8 / 12
Сомалидың астанасы Могадишодағы Дарусалам ауданында лагерьдегі отбасын тамақтандыру үшін әйел ауызашарға құймақ әзірлеп жатыр.
9 / 12
Газа секторының орталық бөлігіндегі Дейр-эль-Балах қаласында әйел Рамазан кезіндегі дәстүрлі тәтті тағам әзірлеп жатыр.
10 / 12
Мысырлық әйел Бахни қаласының жанында апатқа ұшыраған пойыз маңын күзетіп тұрған әскерилерге ас беріп жатыр.
11 / 12
Санадағы дәмханалардың біріндегі йемендік аспаз ауызашарға арнап самса дайындап жатыр.
12 / 12
Ирактың Мосул қаласында ер адам ауызашар дастарханына жеміс қойып жатыр.