Grelka Fest 2021 фестивалі Кемеров облысындағы Шерегеш тау-шаңғы курортында өтті. Бұл шараның басты ерекшелігі – фестивальге қатысушылар айналадағы қалың қар мен аязды ауа райына қарамастан шаңғы мен сноубордта шомылуға арналған киім киіп жарысады.
Спорт шарасының бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрды: сноуборд арқылы тау-шаңғы жолымен төмен түсу, шаңғы киіп бассейнге секіру, шаңғы мен сноуборд тебуге әуестенген нәзік жандылар арасындағы сұлулық байқауы. Сондай-ақ Grelka Fest 2021 аясында диджейлер шеруі мен Open-Air музыкалық фестивалі өтті.
Ерекше фестивальдің қалай өткенін суреттер топтамасынан тамашалаңыз.