Grelka Fest 2021 фестивалі Кемеров облысындағы Шерегеш тау-шаңғы курортында өтті. Бұл шараның басты ерекшелігі – фестивальге қатысушылар айналадағы қалың қар мен аязды ауа райына қарамастан шаңғы мен сноубордта шомылуға арналған киім киіп жарысады.
Спорт шарасының бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрды: сноуборд арқылы тау-шаңғы жолымен төмен түсу, шаңғы киіп бассейнге секіру, шаңғы мен сноуборд тебуге әуестенген нәзік жандылар арасындағы сұлулық байқауы. Сондай-ақ Grelka Fest 2021 аясында диджейлер шеруі мен Open-Air музыкалық фестивалі өтті.
Ерекше фестивальдің қалай өткенін суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

Шерегеш тау-шаңғы курортында Grelka Fest 2021 фестиваліне қатысушылар.

Мына бойжеткендердің тоңбайтынына таңғалмасқа амал жоқ.

Төмен қарай құлдилаған кездегі көздеріндегі ұшқынға қарағанда сұлулар суық ауа райына шағымданбаған секілді.

Тау бөктерінде кілең хас сұлулар жиналды.

Олардың киімдері де алуан түрлі, түстері де көз жауын алардай ашық.

Араларында қарға бір аунап алатындар да бар екен.

Өткен жылы фестивальді кейінге қалдыруға мәжбүр болды.

Алайда осы жылы спорт мерекесі ойдағыдай өтті.

Grelka Fest 2021 фестивалінің бағдарламасы бойынша кешкі уақытта тау-шаңғы жолымен төмен түсу қарастырылды.

Сондай-ақ шаңғы және сноуборд арқылы бассейнге секіру өтті.

Осы спортпен әуестенген нәзік жандылар арасындағы сұлулық байқауы да бағдарламаға кірді.

Жарыс басталар алдындағы Grelka Fest 2021 фестиваліне қатысушылар.
