Қоғам

Бомба бар деген хабар түскен: Алматыда сауда орталығы қоршауға алынды

Ғимараттан бес жүзден аса адам шұғыл қауіпсіз жерге шығарылды. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүріп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Алматыда MART сауда ойын-сауық орталығы қоршауға алынды. Ғимаратта жарылғыш бар екені туралы хабар түскен. Бұл туралы сауда орталығының Instagram парақшасында хабарланды.

Сауда орталығы әкімшілігінің мәліметінше, бомба туралы хабар 23 сәуір сағат 9.15-те түсті. Екі минуттан кейін әкімшілік адамдарды эвакуациялауға кірісті.

"09.35-те 500 адам эвакуацияланды. Қазір шұғыл қызметтер ғимаратты тексеріп жатыр", - деді сауда орталығындағылар.

Алматы полиция департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне нақтылағандай, дәл қазіргі сәтте ғимаратты тексеру жұмыстары аяқталды, жарылғыш зат табылған жоқ.

"Бомба туралы ақпарат расталмады", - деді полициядағылар.