НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Алматыда MART сауда ойын-сауық орталығы қоршауға алынды. Ғимаратта жарылғыш бар екені туралы хабар түскен. Бұл туралы сауда орталығының Instagram парақшасында хабарланды.
Сауда орталығы әкімшілігінің мәліметінше, бомба туралы хабар 23 сәуір сағат 9.15-те түсті. Екі минуттан кейін әкімшілік адамдарды эвакуациялауға кірісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"09.35-те 500 адам эвакуацияланды. Қазір шұғыл қызметтер ғимаратты тексеріп жатыр", - деді сауда орталығындағылар.
Алматы полиция департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне нақтылағандай, дәл қазіргі сәтте ғимаратты тексеру жұмыстары аяқталды, жарылғыш зат табылған жоқ.
"Бомба туралы ақпарат расталмады", - деді полициядағылар.