Қоғам

Тоғжанов QazVac вакцинасын шығаратын зауыт қашан іске қосылатынын айтты

Қазіргі уақытта зауытта монтаждау жұмыстары мен жабдықты іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Вакцинаның бірінші партиясы тиелді
Sputnik

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, 22 сәуір — Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып, ғылыми-зерттеу институтының базасындағы биофармацевтикалық зауыт құрылысының барысымен танысты. Вице-премьермен бірге өңір басшысы Бердібек Сапарбаев та аталған фармацевтикалық кәсіпорында болып қайтты.

Тоғжанов QazVac вакцинасын шығаратын зауыт қашан іске қосылатынын айтты

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау және әрлеу жұмыстары аяқталды. Монтаждау, реттеу жұмыстары және инженерлік желілерге жалғау арқылы жабдықты қосу жұмыстары басталды.

"Зауыт құрылысы осы жылдың соңына қарай аяқталады. Қуаты бойынша орта есеппен бірінші кезеңде айына 500 мың доза есебін жоспарлап отырмыз. Зауыт кезең-кезеңімен іске қосылады. Бұл күрделі нысан екенін білесіздер. Мұнда стандарттар, халықаралық талаптар сақталуы керек", - деді Тоғжанов.

Ол стандарттарға сәйкес ең алдымен ғимарат, содан кейін монтаждау жабдығы валидациядан өтеді де, артынша барлық аспап іске қосылатынын айтты.

Зауыт қосымша техникалық қабаты бар қосқабатты ғимарат түрінде салынған."Сондықтан пайдалануға берілетін барлық жабдық халықаралық стандартқа сәйкес шамамен бір жыл валидациядан өтеді. Біздің ғалымдар қарқынды жұмыс жүргізуде. Зауыт құрылысымен қатар ғылыми-зерттеу институты базасында біздің вакцина әзірленіп жатыр. Мұнда украин және түрік ғалымдары да жұмыс істеп жатыр. Зауыт дайын десе де болады, бірақ барлық талаптарды сақтау керек", - деді Тоғжанов.

Тоғжанов QazVac вакцинасын шығаратын зауыт қашан іске қосылатынын айтты

Ішінде жүздеген кабинет, ондаған зертхана бар. Коронавирусқа қарсы отандық вакцина дәл осы жерде әзірленетін болады.

Еске салсақ, осы жылдың наурызында GMP стандарттарына сәйкестігіне жүргізілген зерттеудің оң нәтижесіне (DQ) қол жеткізілді. Келесі қадам – валидация жүргізу және GMP халықаралық стандарт сертификатын алу. Осы мақсаттарға "Атабай" түрік компаниясы тартылған.