Қоғам

Тоғжанов QazVac вакцинасын шығаратын зауыт қашан іске қосылатынын айтты

© Sputnik / Тимур НиталиевЗдание биофармацевтического завода в Жамбылской области
Здание биофармацевтического завода в Жамбылской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
Қазіргі уақытта зауытта монтаждау жұмыстары мен жабдықты іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Вакцинаның бірінші партиясы тиелді

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, 22 сәуір — Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып, ғылыми-зерттеу институтының базасындағы биофармацевтикалық зауыт құрылысының барысымен танысты. Вице-премьермен бірге өңір басшысы Бердібек Сапарбаев та аталған фармацевтикалық кәсіпорында болып қайтты.

© Photo : Пресс-служба премьер-министра КазахстанаОтандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы тиелді
Тоғжанов QazVac вакцинасын шығаратын зауыт қашан іске қосылатынын айтты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Отандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы тиелді

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау және әрлеу жұмыстары аяқталды. Монтаждау, реттеу жұмыстары және инженерлік желілерге жалғау арқылы жабдықты қосу жұмыстары басталды.

"Зауыт құрылысы осы жылдың соңына қарай аяқталады. Қуаты бойынша орта есеппен бірінші кезеңде айына 500 мың доза есебін жоспарлап отырмыз. Зауыт кезең-кезеңімен іске қосылады. Бұл күрделі нысан екенін білесіздер. Мұнда стандарттар, халықаралық талаптар сақталуы керек", - деді Тоғжанов.

Ол стандарттарға сәйкес ең алдымен ғимарат, содан кейін монтаждау жабдығы валидациядан өтеді де, артынша барлық аспап іске қосылатынын айтты.

© Photo : Пресс-служба премьер-министра КазахстанаЖамбыл облысындағы биофармацевтикалық зауыт
Жамбыл облысындағы биофармацевтикалық зауыт - Sputnik Қазақстан
1/5
Жамбыл облысындағы биофармацевтикалық зауыт
© Sputnik / Тимур НиталиевЖамбыл облысындағы биофармацевтикалық зауытта
Жамбыл облысындағы биофармацевтикалық зауытта - Sputnik Қазақстан
2/5
Жамбыл облысындағы биофармацевтикалық зауытта
© Sputnik / Тимур НиталиевХолодильник для хранения вакцины на биофармацевтическом заводе в Жамбылской области
Жамбыл облысы биофармацевтикалық зауыттағы вакцина сақтайтын тоңазытқыш - Sputnik Қазақстан
3/5
Жамбыл облысы биофармацевтикалық зауыттағы вакцина сақтайтын тоңазытқыш
© Sputnik / Тимур НиталиевЖамбыл облысы биофармацевтикалық зауыттағы вакцина өндірісіне арналған жабдық
Биофармацевтикалық зауыттағы вакцина өндірісіне арналған жабдық  - Sputnik Қазақстан
4/5
Жамбыл облысы биофармацевтикалық зауыттағы вакцина өндірісіне арналған жабдық
© Sputnik / Тимур НиталиевҚазақстанда отандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы тиелді
Отандық вакцинаның алғашқы партиясы шығарылды - Sputnik Қазақстан
5/5
Қазақстанда отандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы тиелді
1/5
Жамбыл облысындағы биофармацевтикалық зауыт
2/5
Жамбыл облысындағы биофармацевтикалық зауытта
3/5
Жамбыл облысы биофармацевтикалық зауыттағы вакцина сақтайтын тоңазытқыш
4/5
Жамбыл облысы биофармацевтикалық зауыттағы вакцина өндірісіне арналған жабдық
5/5
Қазақстанда отандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы тиелді

Зауыт қосымша техникалық қабаты бар қосқабатты ғимарат түрінде салынған."Сондықтан пайдалануға берілетін барлық жабдық халықаралық стандартқа сәйкес шамамен бір жыл валидациядан өтеді. Біздің ғалымдар қарқынды жұмыс жүргізуде. Зауыт құрылысымен қатар ғылыми-зерттеу институты базасында біздің вакцина әзірленіп жатыр. Мұнда украин және түрік ғалымдары да жұмыс істеп жатыр. Зауыт дайын десе де болады, бірақ барлық талаптарды сақтау керек", - деді Тоғжанов.

© Sputnik / Тимур НиталиевОтандық QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы "СК-Фармация" хабтары арасында бөлінеді
Тоғжанов QazVac вакцинасын шығаратын зауыт қашан іске қосылатынын айтты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Отандық QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы "СК-Фармация" хабтары арасында бөлінеді

Ішінде жүздеген кабинет, ондаған зертхана бар. Коронавирусқа қарсы отандық вакцина дәл осы жерде әзірленетін болады.

Еске салсақ, осы жылдың наурызында GMP стандарттарына сәйкестігіне жүргізілген зерттеудің оң нәтижесіне (DQ) қол жеткізілді. Келесі қадам – валидация жүргізу және GMP халықаралық стандарт сертификатын алу. Осы мақсаттарға "Атабай" түрік компаниясы тартылған.

Жаңалықтар
0