НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Өскеменде 2 жыл пайдалануға берілген тұрғын үй "үгітіліп" жатыр. Әлеуметтік желіде көп қабатты тұрғын үйдің видеосы пайда болды.
Үй Момышұлы көшесі 14 мекенжайы бойынша орналасқан, деп хабарлайды YK-news.kz.
"Түнгі сағат үш жарымда сыртқы қабырғаның қаптамасы құлап кетті", - дейді видео авторы.
Басылымның хабарлауынша, 2020 жылдың желтоқсан айында осы үйдің тұрғындары сыртқы қаптаманың түсуіп кете беруіне шағым жасаған. Үйдің кейбір қабаттары арасында тіпті жылытқыш материал болмаған. Осы себептен қыста батарея ыстық болғанымен пәтер суық болады.
Оқи отырыңыз: Мемлекет өз қызметкері үшін үй салған жұмыс берушілердің шығынын субсидиялайды
Бүгін тұрғын үй қатынастары бөлімінің қызметкерлері Момышұлы көшесінде орналасқан үйді тексеріп, акт жасады.
Үйдің 2019 жылы пайдалануға берілгені белгілі болды.