Қоғам

26 сәуірден бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстері қысқарады

Қазір екі ел арасында аптасына 20 рейс орындалып жатыр, енді рейс саны екі есе қысқарады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстан 26 сәуірден бастап Түркияға әуе рейстерінің санын қысқартады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің баспасөз қызметі.

"Ведомствоаралық комиссияның 14 сәуірдегі хаттамасына сәйкес, 26 сәуірден бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқарту тапсырылды", - делінген агенттік берген жауапта.

20 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан мен Түркия арасында 7 бағыт бойынша аптасына 20 рейс орындалады:

  • Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл, 2 рейс
  • Нұр-Сұлтан – Анталья, 1 рейс
  • Алматы – Ыстамбұл, 7 рейс
  • Алматы – Анталья, 5 рейс
  • Түркістан – Ыстамбұл, 2 рейс
  • Ақтау – Ыстамбұл, 1 рейс
  • Шымкент – Ыстамбұл, 2 рейс.

Оқи отырыңыз: Түркияға чартерлік рейстер тоқтатылуы мүмкін – жолдама сатып алғандар не істейді

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің хабарлауынша, рейстер саны бойынша шектеулер эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай алып тасталуы мүмкін.