Тәлібтер АҚШ-тан әскерді Ауғанстаннан шығаруды талап етті

"Талибан"* террористік ұйымы АҚШ-қа әскерді Ауғанстан аумағынан шығару жөнінде қатаң талап қойып, Вашингтонды көпполярлы әлемнің шынайы өміріне қайтарды.
Sputnik

Ақ үй 13 сәуірде Америка әскері 11 қыркүйекте Ауғанстаннан кететіні туралы хабарлады. Тәлібтер әскерді 1 мамырға дейін елден шығаруды талап етті (2020 жылдың 29 ақпанындағы Дохадағы келісім талаптары бойынша). "Талибан"* "Америка мен басқа да отарлаушы елдерді соғысты созу әрекеттерін ақтауды доғарып, барлық қарулы күшті Ауғанстан аумағынан алып кетуге" шақырды. Одан кейін мәтінде "Ислам Эмираты мождахеттерінің" ашық доңайбаты жазылған.

АҚШ әкімшілігі бұл мәлімдемеге жедел жауап беріп, әскерді шығару мерзімі 1 мамырға белгіленді. НАТО бойынша одақтастар да дәл сол күні "Батыл қолдау" миссиясының күштерін шығару туралы осы тектес шешім қабылдады. Бұл мүдделер қайшылығы кезінде барлығы дау-жанжалға жол бермеуге тырысты.

Мемлекет басшысы Ауғанстан президентіне жеделхат жолдады
АҚШ президенті Джо Байден сәрсенбі күні америкалық әскерилердің Ауғанстан аумағында болуы тұрақты үкімет құруға көмектеспейтінін мәлімдеді. АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин әскер Ауғанстандағы өз міндетін орындағанын, сондай-ақ "экономика, азаматтық қоғам және саясат саласындағы ілгерілеуге мүмкіндік жасағанын" атап өтті.

Жалпы Пентагон мен оның одақтастарының о баста Ислам республикасындағы операцияларға жүздеген миллиард доллар жұмсап, мыңдаған сарбаздан айырылып, ақырында ұрыс алаңын осылай тастап кетуі және елді тәлібтердің қолында қалдыруы қаншалықты дұрыс?

14 сәуірде Орталық барлау қызметінің директоры Уильям Бернс әскерді шығарудан айтарлықтай қауіп бар екенін хабарлады. Оның пайымдауынша, америкалық сарбаздар кеткен соң елдегі "Ислам мемлекеті" мен "Әл-Каиданың" (екі құрылымға да Қазақстанда тыйым салынған) ықпалы артады. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі экс-кеңесшісі Джон Болтон қазір әскерді шығару билікті "Талибанға" тапсырумен тең екеніне сенімді.

Ал тәлібтер АҚШ пен НАТО алдын ала келісілген мерзімге – 1 мамырға дейін әрекет етпесе, шетелдік әскерлерге қарсы соғыс әрекеттерін, яғни "жихадты" қайта бастауға қамданып отыр. "Талибанның"* мұндай пиғылын бұған дейін Забиулла Моджахед жеткізді: "Байден мамырға дейін әскерді шығару күрделі болатынын мәлімдеді. Бірақ біз Дохадағы келісім орындалуы керек деп санаймыз. Себебі дәл осы құжат Ауғанстан мен АҚШ арасындағы проблеманың шешімі болып отыр".

Ауғанстанға не қажет: халықаралық инвестиция немесе әскери операция
Логистика бойынша қарастырсақ, көлік ұшақтары арқылы 3-5 мың әскери қызметшіні тасымалдау үшін он төрт ай жеткілікті. Соған қарағанда АҚШ пен НАТО әскерін ел аумағынан шығаруды тәлібтермен арадағы үздіксіз соғыс әрекеттері, Ауғанстанның қазіргі үкіметімен болашақ мемлекеттік аппараттағы құзырлы қызметті бөлісе алмау тежеп тұрған секілді.

Ауғанстан Ислам Республикасының ұлттық ымыраласу жөніндегі бұрынғы кеңесі президент Ашраф Ганидің бейбітшілік жоспарын қоса алғанда, жиырмадан астам ұсынысты бірыңғай бағдарламаға біріктіре алды. Алайда "Талибан"* 14 сәуірде Ауғанстан болашағы туралы келіссөздерге қатысудан бас тартты (кезекті кезең Түркия аумағында өтеді деп жоспарланған). Тәлібтердің қаруланған құрылымдары үкімет күштерін жеңу үшін АҚШ пен НАТО әскері және әскери техникасының толық шығарылуын күтіп отыр. Жалпы Кабул Америка әскери-әуе күштерінің террористерге соққы жасауының арқасында әлі де болса қорғаныста тұр. Ауғанстан жақын болашақта "Ислам Эмиратына" айналуы әбден мүмкін.

Ауғанстандағы жиырма жылға жуық соғыстың қорытындысы бойынша және тәлібтермен келісімге келгеннен кейін америкалықтар қаруын жалаңдатуды доғарып, халықаралық істерде өзін сәл де болса сабырлы ұстап, тарихтан сабақ алса жөн болар еді.

Америкалық барлау қауымдастығы 2019 жылы және одан біраз бұрын Ресей "Талибанның"* АҚШ пен коалицияның Ауғанстандағы шабуылдарын қаржылай ынталандырды деген мәлімдеме жасады. Ресей болса өз тарапынан мұндай айыптауды жоққа шығарды.

Пентагон Ауғанстандағы әскери операцияларға қанша қаражат жұмсады
Пентагон басшысы Ллойд Остин бірнеше мыңдаған америкалық әскери қызметшіні Ауғанстаннан алып кету басқа жаққа назар аударып, "болашақ қарсыластар" – Қытай мен Ресейді тежеуге мүмкіндік береді деп санайды. Себебі "бұл елдердің әрекеттері АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне сәйкес келмей отыр".

Америка ислам елінен "басқа жаққа назар аударғаннан" кейін Ауғанстан мен оған іргелес жатқан елдерге агрессиялы әскери-діни қозғалыспен өз беттерінше күресуге тура келеді. Тәлібтердің билігінде болған елде әйелдердің білім алуына тыйым салынды, теріс жүріске салынғандар қала алаңдарында өлім жазасына кесілді, ұрылардың қолы шабылды, ал телевидение, тетар мен музыкаға қатаң тыйым салынды.

Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік басқармасы 12 сәуірде Дохадағы АҚШ пен "Талибан"* келісімі елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етпегенін мәлімдеді. 2020 жылдың 29 ақпанынан бері Ауғанстанда тәлібтердің шабуылы 24%-ке артқан. "Талибан"* өз тактикасын өзгертпейді, елдегі зорлық-зомбылықты азайтпайды және "Әл-Каидамен" (Қазақстанда тыйым  салынған) одақтас қарым-қатынасын бұзбайды.

*"Талибан" – Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым.