Видео

Қорғаныс министрлігі рұқсатсыз ұшқан дронды қалай қолға түсіреді – видео

Қазақстанның қорғаныс министрлігі дрон иелеріне әуе кеңістігін пайдалану ережелері мен ұшу аппараттарын қолдану тәртібін қатаң сақтау керектігін ескертеді
Sputnik

Министрліктің Youtube арнасында дрондарды пайдалану ережелері жазылған видео жарияланды. Бейнежазбада қорғалатын объектілердің үстіндегі әуе кеңістігінде заңсыз ұшқан дрондарды қалай қолға түсіргені көрсетілген.

"Мұндай жағдайлар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық қызмет туралы қолданыстағы заңымен реттеледі. Ал күзетілетін әскери объектілердің үстінен ұшқышсыз аппараттардың ұшуы қорғаныс министрлігі мен мемлекеттік қауіпсіздік қызметімен келісілуі керек. Сондай-ақ, сатып алынған құрылғы азаматтық авиация комитетінде тіркелуі тиіс", – делінген видеода.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық десантшылар парашютпен секіруге дайындалып жатыр – видео

Сонымен қатар дронның әскери объектілердің үстінен рұқсатсыз ұшқаны үшін Әкімшілік кодекстің 563-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Мұндай жағдайда жеке тұлғалар үшін 10-15 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделген. Сол сияқты лауазымды адамдар үшін 20-дан 25 АЕК-ке дейін айыппұл салынып, құрылғы тәркіленеді.

"Ұшқышсыз күзетілетін әскери нысандардың үстінен ұшқаны үшін тәркіленген құрылғылар арнайы әдіспен жойлады", – делінген министрлік хабарламасында.