Қазақстанның десанттық-шабуылдау әскерлері жіті әрі жауапты дайындық – табыс кепілі екенін жақсы біледі. Сол себепті олар парашютпен секіруге өте мұқият дайындалады.
Десантшылар парашютпен секірмес бұрын жерде алдын ала дайындық курсынан өтті.
Әуеге көтерілер алдында парашютті қалай жинау керектігін үйреніп, тренажерлерде жаттықты.