Өңірлер

Семейде полициядан көмек сұраған 25 жастағы тұрғынның туған сіңлісі ұсталды

Күдікті қала банктерінің бірінде әпкесінің атына 30 мың теңге көлемінде ақшалай кредит ресімдегені анықталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Семейде әпкесінің атынан кредит алған қыз тергеліп жатыр, деп хабарлады Altaynews.kz.

Ақмола облысының тұрғыны досының шын мәнінде кім екенін білді
Сәуір айының басында Семей қаласының полициясына 25 жастағы тұрғыннан өтініш түскен. Ол 29 наурызда белгісіз біреу жеке деректерін пайдаланып, өзінің атына қала банктерінің бірінде 30 000 теңге көлемінде ақшалай кредит ресімдегені туралы айтқан.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында кредитті оның туған сіңлісі ресімдегені анықталды", - деді ШҚО полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев. 

Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.