Қоғам

Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 28 адам көз жұмды

Қазіргі уақытта еліміздің стационарларында 12 мыңнан астам науқас емделуде, олардың 600-ге жуығы ауыр халде
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 28 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оның ішінде 24 адам коронавирустан, 4 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.

13 сәуірдегі мәлімет бойынша, 35 178 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 12 324 пациент стационарда, 22 854 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастар арасында 586 адамның жағдайы ауыр, 175 пациенттің жағдайы өте ауыр екені хабарланды. 112 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Оқи отырыңыз: "Жағдай нашарлады": министр елдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндады

Сонымен қатар бір тәулікте 2 016 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, 10 адам пневмонияға шалдықты.

Қазақстанда коронавирус пандемиясы басталғалы 273 825 адам коронавирус жұқтырды.