16:35 09 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (2322)
8628 0 0

Министр қазіргі жағдайды ескеріп, барлық өңірде қосымша шектеу шаралары қабылданып жатқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Сәуір айында Қазақстанның барлық дерлік өңірінде вирус жұқтырған науқастар мен өлім-жітім саны өсті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Осы жылдың сәуірінде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Сәуірдің 11 күні ішінде 24 955 адам індетке шалдықты. Наурыздың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауру жұқтыру үш есе өсті, тәулік ішінде 2 800 науқасқа дейін тіркелуде", – деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, ауру жұқтыру өсімі Қостанай мен Түркістан облысын қоспағанда барлық дерлік өңірде байқалады.

Індет қай өңірлерде күшейді

Науқастардың 61 проценті елдің үш өңіріне – Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы және Алматы облысына тиесілі.

Сондай-ақ, Цой вирустың таралуымен қатар, өлім-жітім көрсеткіші де ұлғайып жатқанын айтты.

"Республикада наурыз айында ақпанмен салыстырғанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 1,4 есе өсті, өлім-жітім фактілерінің 57%-і тағы да сол үш өңірде – Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркелді", – деді ол.

Министр қазіргі жағдайды ескеріп, барлық өңірде қосымша шектеу шаралары қабылданып жатқанын атап өтті.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта 12 күн бойы тұрғанын мәлімдеді. Республикамен қоса, қауіпті зонада сегіз өңір тұр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қатаң карантин енгізіле ме?

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 2 290 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Індетке шалдыққандардың ең көбі Алматы мен Нұр-Сұлтанда және Алматы облысында тіркелді.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2322)

Тақырып бойынша

Шымкентте карантин күшейтіледі: не өзгереді
Қиясов Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы туралы айтты
Мамин Тоқаевқа эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады
Вакцинаның әсері: Цой эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады
Алматыда карантин талаптарын жиі бұзатын мейрамханалар белгілі болды
Кілт сөздер:
коронавирус, карантин
Загрузка...

Басты тақырып