Өңірлер

Шығыс Қазақстанда жұмыс орнында ішімдік ішкен төрт судья қызметінен кетті

Тәртіптік комиссияның шешімімен Өскемен қаласы №2 сотының төрағасы және оның үш әріптесі қызметінен босатылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жұмыс орнында пара алып, алкогольдік ішімдік ішкені үшін төрт судья қызметінен босатылды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.  

Қарағанды облысында судья ұсталды
"Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент Жоғарғы сотқа жұмыс уақытында сот ғимаратында пара алу және алкогольдік ішімдік  ішу фактілері бойынша ШҚО-ның төрт судьясына, оның ішінде Өскемен қаласы №2 сотының төрағасына қатысты ұсыныс енгізді", – деді ол.  

Данияр Биғайдаровтың айтуынша, тәртіптік комиссияның шешімімен Өскемен қаласы №2 сотының төрағасы Қасымов, судьялар Арғымберді, Қайролдина және Глубокое аудандық сотының судьясы Әміров қызметінен босатылды.