Өңірлер

Тағы бір облыс "сары" аймаққа кірді

Қазіргі кезде "қызыл" аймақ санатындағы қауіпті деңгейде Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы және алты аймақ тұр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысы эпидемиологиялық ахуал бойынша "сары" аймақ тізіміне енгізілді. Осы кезге дейін аталған өңір "жасыл" аймақ санатында болған.

Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдай:

  • "Қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды ​​облысы;
  • "Сары" аймақта – Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облысы;
  • "Жасыл" аймақта – Шығыс Қазақстан мен Қостанай және Түркістан облысы.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қатаң карантин енгізіле ме?