НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысы эпидемиологиялық ахуал бойынша "сары" аймақ тізіміне енгізілді. Осы кезге дейін аталған өңір "жасыл" аймақ санатында болған.
Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдай:
- "Қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облысы;
- "Сары" аймақта – Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облысы;
- "Жасыл" аймақта – Шығыс Қазақстан мен Қостанай және Түркістан облысы.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда қатаң карантин енгізіле ме?