ХҒС-қа жаңа экспедиция тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің ұшқанына 60 жыл толуына арналған.
9 сәуір күні таңертең ерте негізгі және қосалқы құрамды шығарып салу салтанаты өтті. Оларды "Космонавт" қонақ үйінен "Земляне" тобының аңызға айналған "Трава у дома" композициясымен шығарып салды.
Роскосмостың хабарлауынша, ғарышкерлер дәстүр бойынша қонақ үй бөлмелерінің есігіне өз қолтаңбасын қалдырды.
"Иә, әрине, ғарышкерлер ұшар алдындағы барлық дәстүрді сақтады", - деді Sputnik Қазақстанға қосалқы экипаж құрамына кірген Антон Шкаплеров пен Олег Артемьев.
Эпидемияға қарсы қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында ғарышкерлердің туыстары мен жақындарына ұшатын күні Байқоңырға келуге рұқсат етілген жоқ.
Экипаж ғарыш кемесінің кабинасындағы орындарға жайғасып үлгерді. Жоспарланған ұшу ұзақтығы – 191 күн.